Павлодар облысының 5 кәсіпорны индустриялы сертификат алды

12.09.2019

Павлодар облысының 5 кәсіпорны индустриялы сертификат алды

 

Олардың қатарында үш тігін фабрикасы және кабель-сым мен жиһаз өнімдерін өндіруші бар.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары мемлекеттік сатып алуларға тек индустриялы сертификатпен қатыса алады.

«Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сертификаттау жөніндегі маманы Светлана Воронцова индустриялы сертификат не үшін берілетіндігі және оны қалай алу керектігі туралы айтып берді.

Светлана Вячеславовна, кәсіпкерге индустриялы сертификат не үшін қажет?

Индустриялы сертификат еліміздің аумағында тіркелген және өндірісті жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.

Бұл отандық өндірушінің мәртебесін көрсетеді.

Индустриялы сертификат кәсіпкерлерге бірқатар бәсекелестік артықшылықтар береді.

Алдағы уақытта алдын-ала біліктілікті іріктеу байқауын өтуде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізу жоспарлануда. Осыған сәйкес, индустриялы сертификаттың иелері оны алдын-ала біліктілікті іріктеу байқауын өту кезінде қолдана алады және ұпайлардың жалпы санынан қосымша 20% алады.

Сонымен қатар, индустриялы сертификат мемлекеттік сатып алуға қатысуға, отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді шетелде жылжыту шығындарын өтеуге мүмкіндік береді.

Павлодар облысында индустриялы сертификат алған кәсіпорындар бар ма?

Иә, әрине. Біздің облыста қазірдің өзінде бес кәсіпорын өнеркәсіптік сертификаттың иегері болды.

Олар: «Tailor-S» тігін фабрикасы» ЖШС, «Қазақ зағиптар қоғамының Павлодар оқу-өндірістік кәсіпорны», «Қазақ зағиптар қоғамының Екібастұз оқу-өндірістік кәсіпорны», «Казэнергокабель» АҚ, «Трoya» ЖШС.

Қазіргі уақытта павлодарлық өндірушілердің тағы үш өтінімі қаралуда.

Сатып алу ережесіндегі өзгертулер осы уақытқа дейін жиһаз және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына қатысты екеніне қарамастан, павлодарлық кабель және сым өнімдерін өндіруші «Казэнергокабель» АҚ индустриялы сертификат алуға өтініш білдірді және отандық өндірушілердің тізіліміне сәтті өтті.

Айта кету керек, «Казэнергокабель» АҚ «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің облыстық кезеңінің жеңімпазы және республикалық байқауда облыстың атынан шығады.

Индустриялы сертификатты қалай алуға болады, кәсіпкер қайда баруы керек?

Алдымен кәсіпкер ЭЦҚ қолдана отырып doc24.kz сайтында тіркелуі керек.

Сертификат алу рәсімі екі кезеңмен жүзеге асырылады, оның барысында кәсіпорын кезең-кезеңмен бақыланады.

Бірінші кезеңде, сала маманы өндіріс жағдайына талдау жүргізеді. Өндірістің нақты жағдайын кәсіпорын ұсынған деректермен салыстыру жүргізеді.

Екінші кезең - өтінішті «Атамекен» өңірлік кәсіпкерелер палатасына Павлодар қаласы Луговая көшесі, 16 мекен-жайы бойынша тапсыру.

Бұл кезеңде біз өндірісті тексереміз, құжаттаманы, лицензияларды, рұқсаттарды, сәйкестікті растайтын құжаттарды, салық есептілігін, қауіпсіздік ережелерін, кәсіпорынның қызметкерлерді оқытуды жүргізуін тексереміз, мемлекеттік сыйлықақылар мен гранттар бар ма, жоқ па, соны тексереміз.

Қажет болған жағдайда құжаттар қайта қарауға жіберіледі немесе индустриялы сертификат беру туралы шешім қабылданады.

Индустриялы сертификатты алуға қатысты барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына 66-03-11 ішкі 5527 нөміріне қоңырау шалып, хабарласа алады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp