Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды.

10.09.2019

Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды.

 

Мас күйінде көлік құралын басқару-ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын ең маңызды ережелерді бұзатын бұзушылықтардың бірі, сондықтан қатаң жазаланады. Мас жүргізушілердің кінәсінен елде адамдар қаза тауып, жарақат алған көптеген жол-көлік оқиғалары орын алуда.

А.ж. 09 қыркүйегінде Успен аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, азамат М. полиция қызметкерімен құжат тексеру үшін тоқтатылып, медициналық куәландыруға жеткізілген. Медициналық куәландыру қорытындысына сай, М. алкоголь ішімдігін ішу салдарынан көлікті масаң күйінде басқарғаны анықталған.

Сот отырысында М. кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген мән-жайларды толық растады.

Сот азамат М-ны ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

Успен аудандық сотының баспасөз қызметі.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp