Жастар форумы "Бірлік.Жастар.KZ»

29.08.2019

Жастар форумы "Бірлік.Жастар.KZ»

  

Ағымдағы жылдың 29 тамызында Успен ауданының Галицкое ауылында Жастар жылы аясында «Бірлік.Жастар.KZ» жастар форумы өтті. Форум жұмысына Успен ауданы әкімінің орынбасары А. А. Дисюпова және "Галицкое - Агро" ЖШС директоры С. И. Саламацкий, жас кәсіпкерлер, "Дипломмен ауылға", "Жас кәсіпкер" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар, ауданның жас мемлекеттік қызметкерлері қатысты.

Форумның бірінші жартысында қатысушылар екі секцияға бөлінді:

Секция 1: "Ауыл жастарының елдің дамуындағы рөлі" (Д. Корепанов – "Павлодар облысының Қазақстан жастар конгресі" ҚҚ жобаларының үйлестірушісі, жоба жетекшісі Ауыл-мемлекет тірегі. Қазақстанның болашақ аграршылары.)

Секция 2: "Ауылдық жерлерде бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шаралары" (Қ. Досмағұлов - "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері»)

Күннің екінші жартысында форумның барлық қатысушылары үшін үлгілі кәсіпорын – "Галицкое" ЖШС бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Форум қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат берілді.


Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp