Успен ауданының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

03.09.2019

Жоба

 

 

Аудан әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Успен ауылы                                  № _           2020 жылғы «___»_______

                                                                                                                           

 

Успен ауданының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің        2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Успен ауданының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық - құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары          А.А. Дисюповаға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі                                                              Н. Дычко

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Успен ауданы әкімдігінің

2020 жылғы «____»_______

 № ____ қаулысына қосымша

 

 

Успен ауданының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

 

№ р/с

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің  тізімдік саны

Квотаның мөлшері

(қызметкерлердің тізімдік санынан % )

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

«Галицкое Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

185

1%

2

2.

Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Успен орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

181

1%

2

3.

«Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

240

1%

2

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp