Табиғаттағы қауіпсіз демалыс

29.08.2019

Табиғаттағы қауіпсіз демалыс

Табиғатқа достарымен, туған-туысқандарымен шығар алдында, өрт қауіпсіздігін ұмытпаңыз. Табиғи өрттердің көбі отты абайсыз пайдалану салдарынан болады. Бұл абайсызда тасталған темекі немесе сөндірілмеген алау, ақаулы автокөлік техникасының сөндіргішінен ұшқын болуы мүмкін. Адамдардың салғырттығы мен немқұрайлығы нәтижесінде жүздеген гектар өрттелген дала, ал кейде ормандар - қалпына келтіру қиын табиғи ресурс болып табылады. Сондықтан әрбір азамат табиғатқа шығып, еліміздің бірегей табиғи байлықтарын сақтау үшін өз жауапкершілігін есте сақтап, өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауы тиіс. Мәселен, орманда болған кезде ашық отты пайдалануға, майланған немесе жанғыш заттар сіңірілген сүрту материалын қалдыруға болмайды. Аң аулауда тез тұтанатын немесе бықсатын материалдардан жасалған шаңды қолдануға болмайды. Бөтелкелерді немесе шыны сынықтарын қалдыруға болмайды, өйткені олар тұтандырғыш линзалар ретінде жұмыс істей алады, сондай-ақ қылқан жапырақты жас шыбықтарда, кеспеағаштарда, құрғақ шөбі бар жерлерде, ағаштардың ұшарбасы астында, сондай-ақ бүлінген орман учаскелерінде от жағуға болмайды.

Құрметті азаматтар! Успен ауданының төтенше жағдайлар бөлімі табиғатта демалғанда барынша сақ болуды ұсынады. Қауіпсіздік ережелерін бұзу қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін екенін есте сақтаңыз. Сақ болыңыз, өз-өзінің және жақындарыңыздың өмірін сақтаңыз!

 

Успен ауданының ТЖБ

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp